Алматыда белсенділерді ұстады

10 Просмотры
Издатель
Алматыда полиция ондаған адамды ұстады. Кей белсенділер "Шал, кет!" деп айғайлады.

Алматыда қала әкімдігі маңындағы Республика алаңы жексенбі күні қоршалып, полиция көліктері тұрды. Алаңда бірнеше жұмысшы #Тәуелсіздік ескерткішін жуып жүрді.

Түске қарай жан-жағы темір шарбақпен қоршалған Республика алаңына өтпекші болған отыз шақты адамды полиция әкетті.

1 наурызда Қазақстанда түрлі оппозициялық топтардың "митингісі өтеді" деген күні Алматыда Республика алаңындағы аумақта мобильді интернет байланысы нашарлады. Саяси ұйымдар жексенбі күні түскі 12:00-де дәл осы аумаққа жиналып, әкімдік алдында митинг өткізбекші болған еді. Мұнда түске таман Tele 2, Kcell байланыс операторларының мобильді интернеті мүлде істемей тұр. Beeline интернеті тұрақты түрде істеп тұрған жоқ.

Тікелей эфирден хабар таратуға мүмкіндік беретін құрылғы қызметі де жексенбі күні істемей тұрды. #Азаттық тілшілері интернет байланысы нашар болғандықтан алаңнан тікелей эфирде хабар тарата алмады.

1 наурызда таңнан бастап Республика алаңы жабылып, әкімдік айналасы темір шарбақпен қоршалды. Полиция белсенділерді ұстап, бөлімшеге жеткізді. Митинг қарсаңында да белсенділер ұсталған.

Бұған дейін 22 ақпан күнгі #митингілер кезінде де осыған ұқсас жағдай болған.

Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук:
ВК:
Твиттер:
Телеграм:
Категория
Криминальная Россия
Комментариев нет.